Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есеп
Қосшы қаласы, “Baldirgan-2022” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
“Baldirgan-2022” балабақшасы
Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, бұл жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың маңызды көрінісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, құзіреттілік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да әрекет жағдайлары бойынша дискриминациясыз тең қолжетімділігі;
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократизм мен қағазбастылықтың болуына жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жауапкершілік пен ашықтылық;
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін әрдайым жақсарту;
6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде экономикасы мен тиімділігі.
Ақмола облысы, Қосшы қаласы Baldirgan-2022” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Baldirgan-20”22 балабақшасы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің 2 түрін жүзеге асырады:
1. “Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды, “бір өтініш” қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 62, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 62, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2. “Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды тіркеу”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 62, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 62, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы, Қосшы қаласының “Baldirgan-2022” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Baldirgan-2022” балабақшасына қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
Байланыс:
Қосшы қаласы, Иманова 11 үй, “Baldirgan-2022 ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Baldirgan-2022” балабақшасы, Ақмола облысы бойынша Білім басқармасы, байланыс телефоны:
8 701 607 28 10, электронды пошта sametova_marzhan@mail.ru
Қабылдау демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, жұмыс күндері сағат 9.00ден 18.00ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00ден 14.00ге дейін.
“Baldirgan-2022” балабақшасының меңгерушісі Саметова Маржан Жумагалиевна
| № п/п | Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді | Атауы қызметтер | Нысанын жүктеу | Қызмет online |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |